54.nm12@mail.ru +7 (7132) 98 35 79

Государственное учреждение "Основная школа № 54"

История школы

Мектептің тарихы:

Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан «№ 54 негізгі мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласы Садовое аулында орналасқан.

Әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар дегендей  өткенге сәл шегініс жасар болсақ, Садовый ауылындағы  білім ордасының тарихы сонау  1939 жылы  бой түзеген, 30-40 оқушысы, 7-8 мұғалімі бар шағын жинақталған мектеп болатын.

2012 жылы қазан айында осы шағын жинақталған білім ордасы № 54 негізгі мектебі болып бой көтерді. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуда есігін айқара ашқан білім шаңырағы 100 балаға арнап салынған және мектептің материалдық-техникалық базасы заманауи талапқа сай жабдықталған.  Бұл мектептің ауыл ортасынан бой көтеруі  1939 жылдан бері бастауыш сыныпты тәмамдап, негізгі буынға аяқ басқан кезде көрші мектептерден білім алып жүрген ауыл балаларының сан жылғы арманы болатын.

Бүкіл оқу–тәрбие үрдісін сара жолға салу– мектеп басшысының білім, білігі мен іскерлігіне байланысты. Осындай тұғыры биік тұлғаның бірі–мектептің дамуына сүбелі үлес қосып, мектеп алғаш жұмысын бастағаннан-ақ әріптестері мен шәкірттерін шыңға бастаған, тәжірибелі ұстаз, 2012-2014 оқу жылдарындағы  мектеп директоры  Нурбаева Болат Есмуханқызының еңбегі зор.

Осы кезеңде ол өзін кәсіби мамандығын толық меңгерген, ұйымдастырушылық қабілеті зор, іздене жұмыс істеп, мамандарға талап қоя білетін білікті басшы екендігін көрсетіп, ұжым арасында абыройлы бола білді. Оның басшылығымен мектептің оқу–тәрбие жұмыстарында жаңа технологиялық–инновациялық әдістерді кеңінен ендіруді ұйымдастыру нәтижесінде, сапалы білім беру мониторингі бойынша қалалық негізгі  мектептер арасынан 2012 жылдан бастап бірінші  орынды иеленіп келеді.

Ұстаздық ұлы жолды дәріптеген,

Баршаға білімімен жарық берген

Мұғалім мамандығының беделі мен абыройын асқақтатып, білім беру жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, ұстаз деген атты арқалап, өз еңбегін сарп еткен ұстаздарымызбен де мақтана аламыз. Олар:

Б.Е.Нурбаева, Қ.М.Балғожа, Н.А.Карпова М.Д.Дауылбаева, Р.Г.Айбасова, Т.Е.Раманкулова  сынды азаматтар «ұстаз» деген ұлы атпен «мектептің жүрегіне» айналған тұлғалар.

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу -сезімнің ақылдығы,

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу-адамның асылдығы.

Демекші, осындай қызығы да қиындығы мол мамандықты таңдап,аянбай білім нәрін оқушыларға ұялата білген, үлкен өмірге жол сілтеуші ұстаздар мектеп тарихының әр жылында сақталған.

Олай болса, мектебіміздің 2014-2016 оқу жылында басшылық жасап келген М.Ж.Досовтың да алатын өз орны ерекше. Бұл оқу жылдары да мектебіміз өз жұмысын тоқтатқан емес. Мектебіміздің қуанып, мақтанышпен айтатындай бағындарған белестері   аз болған жоқ.

Жаста болса өз ісімен ұйымдастыру, шығармашылдығымен, білімділігімен, іскерлігімен  көріне білген жас ұстаздарымыз Г.С.Кадиева, Р.Б.Бижанова, Э.Ж.Капанова, Ж.Қ.Қайназар, А.Б.Шабарова  сынды ұстаздарымызды мақтанышпен айтуға болады.   Әр ұстаздың өз жетістігіне сай жетістіктері мен марапаттаулары  мектебіміздің жетістігі болып саналады.

Мектеп директорының оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Кадиева Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» ұйымдастыруымен «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, М.Ж.Досов., Р.Г.Айбасова.,  Э.Ж.Капанова., Р.Б.Буранкулова., Т.Е.Раманкуловалар сынды әріптестеріміз Республикалық  www  «bilim-gylym.kz» порталынан  «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерінің иегерлері.

Қазіргі заман талабына сай әр баланың   қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі   жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – мектеп мұғалімдерінің  алға қойған мақсаттарының бірі. Осы мақсатта нәтижесіз де емес. Мектебіміздің дарынды оқушылары әр түрлі деңгейде ұйымдастырылып жатырған білім байқауларының, дебат  сайыстары мен ғылыми жобалардың, пәндік олимпиадалардың   жүлдегерлері, мектеп мақтаныштары. Атап айтар болсақ  Г.Канибаева., Ж.Мусагалиева., А.Ахабаева., Ж.Ахабаева., А.Асанов, Қ.Мусағалиева т.б.

Қазіргі таңда № 54 негізгі мектебін басқару ісі К.Т.Игисеновтің басшылығымен жалғасуда. Оқу жылының басталғанына аз уақыт өтсе де мектебіміздің бағындырған белестері жоқ емес. Биылғы оқу жылында мектебімізге 5 жыл толу мерейтойы атап өтілді. Мектеп мерекесі қарттар және ұстаздар күнімен қатар келіп, мектеп ардагер ұстаздары, мектеп ұжымы, оқушыларының қатысуымен өте тартымды, мазмұнды өткізілді.Мерекеде  ардагер ұстаздар, ата-аналар ізгі, жақсы тілектері айтылып,мектеп басшының қолдауымен  ұжым қызметкерлері, ұстаздар еңбектері ескеріліп ҚББМ және Қалалық кәсіподақ ұйымының атыннан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Міне,бұл біздің мектептің қысқаша өмірбаяны, бірақ тарихымыз әрбір оқушы мен ұстазда өз жалғасын табады.Оқушы мен ұстаз мектептің жаны, тіршілігінің тынысы. Мектеп – жай ғана ғимарат емес, мектеп – бұл ұжым. Ал ұжымымыз достықты бағалайтын, бірлігі жарасқан, еңбекқор жандардан құралған. Заман мен білім берудегі талаптар өзгерсе де бір нәрсе өзгеріссіз қалды, ол оқушыларға деген шынайы мейірімді қарым-қатынас. Осы бір мейірбандылық пен құрмет тұту қасиеттері мектебіміздің еңбасты байлығы дей келе, мектеп ұжымы өз жұмысын жалғастыруда.

 

 

История школы:

Сохранилось много интересных документов и фотографий, которые могут «рассказать» об истории нашей школы. Однако, одним из самых интересных источников, конечно, являются воспоминания тех людей, которые многое сделали для того, чтобы наша школа была такой, какой она является сейчас.

С каждым днем растет молодое поколение педагога, чтобы получить качественное образования коллективу нужно работать сплоченно. В связи с этим, текущим положением сельских школ, школа № 54, который показывает новую сторону «основного» муниципального государственного учреждения, расположенного в селе Садовое, в г. Актобе.

Каждая школа имеет свою историю, свою судьбу. Фундамент этой  школы былоснован в 1939 году, с 30-40 ученикамии с 7-8 учителями. В октябре 2012 году Садовая начальная школа была реорганизована в основную школу № 54. Она  была построена для молодого поколения, для получения бесплатного образования, в соответствии с требованиями современного строительства и материально-технической базы школы на 100 мест. До этого времени построить такую современную школу казалось мечтой для сельских детей.

Весь учебный процесс,в области образования, зависит от навыков и мастерства  руководителя школы.  Достижение этой школы является заслугой директора школы, которая руководила в период с2012г по 2014г.г., Нурбаевой Болат Исмухановны. В этот период она освоила полный профессионализм, отличные организационные навыки, умело руководила коллективом. Под её руководством учебно-воспитательный процесс школы, в результате внедрения широкого спектра новых технологий и инновационных методов показал высокие результаты.  Так по итогам мониторинга качества образования среди городских  школстал занимать лидирующие места среди основных школ города Актобе.

Профессия учителя — одна из благороднейших. Кто, как не учитель, даст тебе необходимые знания, познакомит с увлекательнейшим миром наук, научит правильно действовать в критических ситуациях, с честью выходя из них, оставаясь человеком.Эта профессия не нова, учителя были всегда. Только вот престиж этой профессии в разные времена был разным. Мы можем с гордостью говорить, о таких учителях как Б.Е.Нурбаева, Қ.М.Балғожа,Н.А. Карпова, М.Д.Дауылбаева, Р.Г.Айбасова, Т.Е.Раманкулова которые внесли неоценимый вклад в развитие школы.

Отдаем должное  директору школы М.Ж.Досову, который руководил  2014-2016 учебном году . И в эти учебные годы наша школа продолжала занимать лидирующее место, среди основных школ г.Актобе.

Отрадно, что в основной  школе №54 работают молодые педагоги, для которых выбранная ещё в детстве профессия стала призванием. Это креативные, эрудированные педагоги, такие как Кадиева Г.С.,Бижанова Р.Б., Капанова Э.Ж., Кайназаров К.Ж., Шабарова А.Б.

Заместитель директора поучебно-воспитательной работы школы Кадиева Г.С. была награждена орденом «Ы. Алтынсарина» на международном фестивале «Планета мира». Также орденами «Ұлағатты ұстаз», организованный порталом  «www.bilim-gylym.kz»были награждены учителя: Досов М.Ж, Айбасова Р.Г., Капанова Э.Ж., Буранкулов Р.Б., Раманкулова Т.Е.

Главной задачей современного образования воспитать одаренных, конкурентноспособных детей. Результатами труда наших педагогов стали достижения следующих учеников: Канибаева Г., Мусагалиева Ж., Ахабаева А., Ахабаева Ж., Асанов А., Мусагалиева К.

В настоящее время руководство школы продолжает  Игисенов К.Т. За короткое время своего правления достигли немалых высот. В этом учебном году наша школа отпраздновала свое 5-летие со дня основания. На праздник были приглашены учителя-ветераны, выпускники школы, родители и жители села. Они выступили с речью, делились теплыми воспоминаниями, в конце праздника весь коллектив был награжден «Благодарственными письмами» от имени городского отдела образования и городского профсоюзного комитета.

Школа – это большой дом, где рядом существует радость и слёзы, встречи и расставания. Всё самое главное в судьбе человека начинается со школы. Каким ты будешь в школьные годы, таким ты и станешь в последующей жизни. Как заботливая и добрая мать, она отдает всё самое ценное, что у неё есть, не требуя ничего взамен.